Жетісу облысында «Бекет-2023» оқу-жаттығулары өтті

Жетісу облысында «Бекет-2023» оқу-жаттығулары өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес күштік құрылымдар арасында тиімді үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық сәйкестілігін бір ретке келтіру, сонымен қатар ведомствоаралық үйлестіруді күшейту мақсатында 2023 жылғы 05 сәуірде ҚР Қорғаныс министрлігінің 74261 әскери бөлімінің «Көктал» оқу-жаттығу полигонында «Батыл тойтарыс-2023» және «Бекет-2023» ведомствоаралық стратегиялық әскери оқу-жаттығулары өтті.

ҚР Төтенше жағдайлар Бірінші вице-министрінің 2023 жылғы 25 наурыздағы өкімі негізінде және ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес 28237 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс ротасы және бөлім басқармасынан ведомствоаралық топтар құрамында жағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша аталған оқу-жаттығуларға 65 әскери қызметші және 3 техника тартылды. 

Оқу-жаттығулар шеңберінде бөлімнің әскери қызметшілерінің күшімен босқындарға арналған 500 адамдық лагері құрылды, сонымен қатар лагерь қамтамасыз етудің барлық қажетті элементтерімен, соның ішінде жуынатын жер, биодәретханалар, монша, 5 тұрғын-жай блоктары, асхана, психологиялық оңалту бөлмесі, тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі, медициналық пункті және т.б. қамсыздандырылды.  

Оқу-жаттығулар барысында Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлестікте шартты босқындарды тәжірибе түрінде қабылдау жүргізіліп, жіті тексерілгеннен кейін эвакуацияланған адамдар уақытша ұстау орындарына жеткізілді. Сол жерде оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, алғашқы қажетті заттар берілді.

Оқу-жаттығулар барысында әскери бөлімнің жеке құрамы өзге күштік құрылымдармен өзара әрекеттестікте және бір қолбасшылықта іс-әрекет етіп, қойылған міндеттерді мерзімінде орындады және қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол берген жоқ.

 

 

ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі