30 наурызда Комитет төрағасы Бауыржан Сыздықовтың басшылығымен «Азаматтық қорғаныс саласында халықты және аумақтарды қорғау» мәселесі бойынша өңірлердің Төтенше жағдайлар департаменттерімен жұмыс кеңесі өткізілді.
Комитет төрағасының орынбасары Алексей Советов ТЖД атқарылған жұмыстардың қорытындылары, проблемалық мәселелер мен қызметтегікемшіліктер туралы баяндама жасады.
Кеңес шеңберінде азаматтық қорғаныстың мүлкін, қорғаныш құрылыстары қорын әзірлікке келтіру, эвакуациялық іс-шаралар және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша өзекті мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменттеріне хаттамалық шешіммен нақты міндеттер қойылды.
ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті