
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қолдауымен басталған "Бірге Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында 2023 жылғы 18 наурызда №28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен Алматы облысы ТЖД қызметкерлері сенбілік өткізді.
Сенбілік қатысушылары аспалы құралдарды пайдалана отырып, бүкіл облыс бойынша іргелес және бекітілген аумақтарды қоқыстан тазартты. Жиналған қоқыс арнайы бөлінген орындарға жеткізілді.
28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері "Жартасты қала-Астана" оқу – жаттығу полигонының аумағында сексен бес жас ағаш-көшет отырғызды.
ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі