52859 әскери бөлімінде жаңа оқу мерзімінің ашылуына арналған іс-шара өтті

52859 әскери бөлімінде жаңа оқу мерзімінің ашылуына  арналған іс-шара өтті

Бүгін 52859 әскери бөлімінің клубында жаңа оқу мерзімінің ашылуына арналған іс-шара өтті.  Әскери бөлімнің әскери қызметшілерімен жаңа оқу кезеңі командирлер өткізетін мемлекеттік және құқықтық дайындық сабағынан басталды.

52859 әскери бөлімінің командирі подполковник Омаров Жанат Булатович  офицерлермен және келісім-шарт бойынша әскери қызметшілермен алғашқы сабақты жеке өзі өткізіп, 2022 жылдың қорытындысын қорытындылай келе, алдағы 2023 жылға тапсырмалар берді. Полктің жеке құрамымен Мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағынан кейін қауіпсіздік шаралары бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

52859 ТЖМ әскери бөлімі