
Бүгін Қазақстан Республикасы ТЖМ 68303 әскери бөлімінде жаңа қысқы оқу кезеңі басталды. Дәстүр бойынша оқу кезеңі жеке құрамның жауынгерлік даярлығының негізгі пәндерінің бірі болып табылатын мемлекеттік-құқықтық дайындық пәнінен басталды. Бірінші сабақты әскери бөлім командирі подполковник Смагулов Болатхан Даулетович жеке өзі өткізді. Сабақ барысында ол офицерлерге әлемдегі геосаяси өзгерістерді және олардың мемлекетіміздің одан әрі дамуына әсерін жеткізді, ел басшылығы қабылдайтын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы түсіндірді, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарындағы елдің негізгі кезеңдері мен жетістіктерін айтып берді. Жаңа оқу кезеңінің ашылуына әскери бөлімнің зейнеткерлері запастағы 3 сынып сержанты С. Ергалиев запастағы аға сержант А. Мухамадиев және "Аналардың жүректері" Республикалық қоғамдық ұйымның өкілі Татерова Айнур Баяхметовна шақырылды, бөлімнің жеке құрамын жаңа оқу кезеңінің ашылуымен құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Бұдан әрі жеке құраммен тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі