52859 әскери бөлімінде 2022 жылдың жылдық қорытындысы шығарылды

52859 әскери бөлімінде 2022 жылдың жылдық қорытындысы шығарылды

2022 жылдың 30 желтоқсан күні 52859 әскери бөлімінде 2022 жылдың жылдық қорытындысы шығарылды. Әскери бөлім командирінің орынбасарлары әр қызметтің 2022 жылда атқарған жұмыстары мен іс-шаралары жайлы баянат жасады. Әскери бөлім командирі подполковник Омаров Жанат Булатович бөлімнің 1 жылдағы атқарған жұмыстарына бағасын  беріп, өткен жылда заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, жауынгерлік мемлекеттік-құқықтық дайындық жағдайы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген бөлімшелерді: үздік взвод, рота, үздік батальонды марапаттады.

Қорытынды бойынша: взводтар арасында үздік взвод- комендаттық взводы; үздік рота- 2 құтқару батальонының құтқару ротасы; ал 1-құтқару батальоны үздік батальон болды. Әскери бөлімнің ең үздік оқу-материалдық базасы - материалдық және қамтамасыз ету ротасы ие болды.

Сондай-ақ тәуліктік жасақтың үздік кезекшілері:үздік бөлім бойынша кезекші, қарауыл бастығы, үздік бақылау-өткізу бойынша кезекші, асхана және тағы басқа жасақтың лауазымды тұлғалары марапатталды.

Сонымен қатар, спортта жақсы жетістікке қол жеткізген әскери қызметшілер де анықталды. Бөлім командирі келесі 2023-ші жылға  тапсырмалар бере отырып, үздіктерді мақтау қағаздарымен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

 

 

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі