
2022 жылғы 30 желтоқсанда 28237 әскери бөлімінің клубында 2022 жылғы қызметтік міндеттерді атқарудың қорытындысы болып өтті. Шара барысында әскери бөлім командирінің орынбасарлары өз бағыттары бойынша баяндамалар жасады.
Іс-шараға әскери бөлімнің барлық жеке құрамы қатысты. Жауынгерлік даярлықта жеткен жетістіктері және қызметтік міндеттерін атқаруда ерекшеленген үздік бөліністер бөлім командирінің ауыспалы кубогімен және дипломдармен марапатталды.
Бөліністердің нәтижесі – өзге әскери қызметшілерге ғана емес, әскери бөлімге де үлгі.
28237 әскери бөлімі