Жас сарбаздарды бөлімшелерге бөлді

Жас сарбаздарды бөлімшелерге бөлді

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсан күні 52859 әскери бөлімінің командирі подполковник Омаров Жанат Булатовичтің  басшылығымен мандаттық комиссия кеше ғана әскери ант қабылдаған жас сарбаздарды бөлімшелерге бөлді. Енді жас сарбаздар өздерінің білімі, мамандықтары мен іскерлік қабілетіне сәйкес әскери бөлімнің әр бөлімшелерінде әрі қарай борышын өтейді. Біреулер құтқару роталарында болса, біреулер іздеу,комендаттық взводтарында, құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету және материалды-техникалық қамтамасыз ету роталарында әрі қарай қызметін атқаратын болады.

Біз жас сарбаздарымызға Отан алдындағы борышын атқаруда үлкен белестерді бағындыруды тілейміз! Анттарына адал болатынына сенеміз!

52859 әскери бөлімі