52859 әскери бөлімінде құрмет кеші өтті

52859 әскери бөлімінде құрмет кеші өтті

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні  52859 әскери бөлімінің клубында адам өмірін бірнеше рет құтқарып қалған Пхенда Анастасия Максимовнаға арналған құрмет кеші өтті. Ол өзінің  табандылығы мен  зеректігінің және батылдығының арқасында  қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқару кезінде ерлік көрсетті. Оның бұл  іс-әрекеттері азаматтық борыштың, өз Отаны- Қазақстан Республикасына деген жоғары патриотизмнің көрсеткіші болып табылады .

Анастасияның ерліктері  2016 жылдан басталады. 3 немесе 4 жастағы  жол бойында ойнап жүрген бала көлік келе жатқанын байқамай қалады. Анастасия сол мезетте баланы жүріп келе жатқан көліктен тартып алып,аман алып қалады. Бірақ дәл осы сәтте көліктің астына өзі түсіп кете жаздағанын айтады. Анастасия өзінің келесі ерлігін іздеу операциясына қатысқанда көрсетті. Сол кезде жоғалып кеткен  құрбысын тауып алып қана қоймай ,оны батып бара жатқан батпақтан  алып шықты. Настя өзінің әрекеттерін ерлік деп санамайды және оның ойынша орнында кез-келген адам істейтін еді деп санайды.

Жас құтқарушы  Анастасия бірнеше рет  ведомстволардың бірінші басшыларының қолынан  медальдармен, грамоталармен марапатталды. Біздің әскери бөлім үшін мұндай жағдайлар ешқашан назардан тыс қалдырмайды.

 Іс-шараға 52859 әскери бөлімінің командирі подполковник Омаров Жанат Булатович, командирдің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Ахметжанов Асылбек Қосманұлы, сарбаздар аналары комитетінің төрағасы Фатеева Марья Дмитриевна, № 4 көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернат директорының орынбасары Ақшабақ Төлепбергенқызы Сұлтанова және "Жас сарбаз" ұйымының оқушылары мен 52859 әскери бөлімінің жас сарбаздары  қатысты.   Іс-шара барысында Жанат Булатович Анастасияға жылы лебіздерін жаудырып, алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Біз жаңа Қазақстанда кез келген сәтте көмекке әрдайым қол ұшын беруге дайын осындай азаматтардың көбірек болғанын қалаймыз, өйткені мұндай төтенше жағдайда кез келген адам  тап болуы мүмкін. Біз Анастасияға осы іс-шараға келіп,  адамдардың өмірін сақтап қалу ісінде жеке құрамға таптырмас жігер бергені үшін алғыс айтамыз!

52859 әскери бөлімі