
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті 2022 жылғы 21 желтоқсанда аумақтық бөлімшелермен бейнеконференцбайланыс режимінде жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес Комитет төрағасының міндетін атқарушы генерал-майор Ұ. Әбікеевтің төрағалығымен өтті.
Жұмыс кеңесі барысында Комитеттің Азаматтық қорғаныс іс-шараларын мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы полковник А. Айтеев «Азаматтық қорғаныс саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік бақылау қорытындылары туралы» және «Цифрландыру және автоматтандыру шеңберінде өткізілетін іс-шаралар туралы» мәселелер бойынша сөз сөйледі.
Үшінші мәселе бойынша спикер ретінде Комитеттің Халықты және аумақтарды қорғау басқармасының бастығы подполковник Ж. Жабаев азаматтық қорғаныс объектілерімен және мүліктерімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша сөз сөйледі.
Кеңес аясында өңірлер ТЖ департаменттері бастықтарының орынбасарлары тыңдалды.
Онлайн кездесу қорытындысы бойынша аумақтық бөлімшелерге қаралған мәселелер бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті