
Алматы облысындағы "Тамғалы тас" шатқалында орналасқан "Жартасты қала - Астана" оқу-жаттығу полигонында "Қазқұтқару-2022" аясында өткізіліп жатқан оқу-жаттығулар мен жарыстар барысында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныстағы әскери бөлімдерінің көпсайыс және үшсайыс бойынша жарысқа түсіп жатқан командалардың жеке құрамымен Медициналық апаттар орталығының өкілдерімен азаматтарға алғашқы кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілім сабақтары өткізілді. Атап айтатын болсақ, МАО орталығы хирургия бөлімшесінің басшысы А. Забиров азаматардың жүрек-өкпе жүйесін реанимациялау, МАО психологы Е. Рахметов азаматтардың психикалық тұрақтылығы мен күйзеліс жағдайын басқару бойынша, сонымен қатар республикалық оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы М. Боранбаев төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде күштер мен құралдардың өзара әрекеттестіктерін ұйымдастыру бойынша және ҚР ТЖМ республикалық жедел қызмет көрсететін арнайы отрядының өкілдерімен техникалық қауіпсіздік бойынша шағын механикаландырырылған құралдарды қолдану бойынша көрсетілім сабақтары өткізілді.
28237 әскери бөлімі