Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты су тасқыны кезеңіндегі алдын алу іс-шараларын орындау орнында ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің құтқарушыларымен кездесті.
Зарина Камасова өзінің жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Зубовск кентіне барып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 68303 әскери бөлімінің кентте өткізіліп жатқан су тасқыны кезеңінің алдын алу іс-шараларымен танысты.
Ол техника мен жеке құрамның су тасқыны кезеңіне дайындығымен танысты. Су тасқыны жағдайына жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамның 1524 адамы, 838 бірлік техникасы және 179 мотопомпа жұмылдырылған. ТЖД жеке құрамның 431 адамы, 78 бірлік техникасы, 30 бірлік жүзу құралы және 176 бірлік мотопомпа бар күштері мен құралдарының топтамасы қалыптастырылған. Зардап шеккен халықтың сыйымдылығы 11,9 мың адам болатын 111 уақытша орналастыру пункті дайындалды.
ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі