ТЖМ қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында сабақтар өткізілуде

ТЖМ қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы  Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында сабақтар өткізілуде

Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы (МБА) арасында жасалған Меморандумды іске асыру шеңберінде, ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің қызметкерлері тыңдаушылар санатымен «Басшылық лауазымға алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер» «Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің негіздері» тақырыбында бірінші сабақ өткізді.

Бұдан басқа, МБА облыстық филиалдарымен бірлесіп, өңірлердің ТЖ департаменттерінің қызметкерлері азаматтық қорғау саласындағы тақырыптарда 2-ден 8 академиялық сағатқа дейінгі көлемде дәрістерді оқуға кірісті.

Өңірлерде «Аудандар мен ауылдық округтер әкімдері» және «Мемлекеттік қызметшілер лауазымына алғаш тағайындалған тұлғалар» санаттарына дәріс оқу көзделген.

Меморандумды одан әрі іске асыру азаматтық қорғау саласындағы оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді және
ТЖ-дағы іс-қимылдарға мемлекеттік органдардың даярланған мамандарының санын ұлғайтуға ықпал ететін болады.

 

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті