
2022 жылғы 21-26 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінде Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері командирлерінің штаб бастықтары-орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиындар өтті.
Жиын барысында штаб жұмысын ұйымдастыру, құпия құжаттармен жұмыс істеу және әскери бөлімдерді кадрлық қамтамасыз ету мәселелері пысықталды. Әскери бөлімдерге шақыруды ұйымдастыру бойынша практикалық көмек көрсетіліп, әскери бөлімдер штабтары қызметінің түрлі бағыттары бойынша сабақтар өткізілді. Жауынгерлік даярлықты ұйымдастырушы ретінде штаб бастықтарының дене даярлығын тексеру мақсатында сынақтар қабылданды.
Оқу-әдістемелік жиындар аясында Тұңғыш Президент-Елбасы мұражай мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұражай аралау ұйымдастырылды.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті