«Бақытты балалық шақ» радио бағдарламасы

«Бақытты балалық шақ» радио бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың жариялаған балалар жылы аясында және Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу қарсаңында Павлодар облысы ТЖ департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы «Халық радиосымен» бірлесіп «Бақытты балалық шақ» қауіпсіздік мектебінің тұжырымдамасы бекітілді.

Қауіпсіздік шараларын оқыту және ТЖ алдын алу мақсатында балалар әңгімелер мен ертегілермен радиохабар арқылы оқытылады. «Бақытты балалық шақ» қауіпсіздік мектебінің балалар радиосы демалыс күндері апта сайын шығады. Жақсы қабылдау және балалар көзқарасымен қабылдау үшін радиохабар жүргізушісі Павлодар қ. М. Әуезов атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы Танжан Балнұр болады.  

Павлодар облысы ТЖ департаменті кішкентай радио тыңдаушыларды бағдарлама арқылы тіршілік қауіпсіздігі және азаматтық қорғау негіздеріне тәрбиелейді, насихаттайды және оқытады. Балалардың ұжымдық және өз бетінше құтқару дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ тұрмыста дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге үйретеді.

     

Павлодар облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы