
2021 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшелерінің инспекторлық құрамымен ZOOM платформасында онлайн форматта азаматтық қорғаныс іс-шараларына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Спикер ретінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Советов Алексей Сергеевич сөз сөйледі.
Семинар-кеңес барысында «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіндегі жаңалықтар жеткізілді, азаматтық қорғаныс бойынша ұйымдарды санаттарға жатқызу, су айдындарында адамдардың қауіпсіздігі мен мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру бойынша мәселелері және басқа да мәселелер талқыланды.
Семинар-кеңес соңында пікір алмасылды, нәтижесі бойынша ТЖД бастықтарының жетекшілік ететін орынбасарларына тиісті тапсырмалар қойылды.
АҚ және ӘБК