ТЖД бастықтарының орынбасарларымен семинар-кеңес

ТЖД бастықтарының орынбасарларымен семинар-кеңес

2021 жылғы 21 қазанда Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті «Азаматтық қорғау саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД бастықтарымен онлайн форматта семинар-кеңес ұйымдастырды және өткізді.

Семинар-кеңестің негізгі мақсаты – азаматтық қорғау саласындағы проблемалық мәселелерді және даму перспективаларын талқылау үшін алаң құру болды.

Аталған іс-шараның жұмысын Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы полковник Бауыржан Мәдіұлы ашты.

Кездесу барысында азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, сондай-ақ халықты және аумақты қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзекті проблемалық мәселелер талқыланды.

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті басқармаларының бастықтары қатарынан спикерлер тыңдалғаннан кейін ел өңірлерінің басшылары арасында ашық диалог және нәтижелі пікір алмасу өтті.

 

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті