Адам өмірін құтқарып қалды

Адам өмірін құтқарып қалды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты 52859 әскери бөлімінің офицері аға лейтенант Азамат Омарбеков адам өмірін құтқарды.

Оқиға ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Луначарский көшесіндегі дәмханалардың бірінде орын алған болатын. Азамат Омарбеков түскі үзіліс кезінде дәмханаға ас ішуге кіреді. Тапсырыс бергеннен соң, шамамен 10 минуттан кейін кенеттен  әйел адамның айқайын естиді. Бірден жүгіріп, ас дайындайтын орынға барса, аспазшы әйелдің есінен танып калғанын көреді. Тез арада алғашқы медициналық жәрдем жасайды. Әйел есін жиған соң оны көлігіне отырғызып, ауруханаға жеткізеді.

Зардап шеккен Ирина  Владимировна Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қолбасшылығы мен 52859 әскери бөлімінің командиріне жеке алғысын білдірді. Ал, Азамат болса қауіпті жағдайда қол ұшын созып, көмек беру менің қасиетті міндетім дейді.     

 

 

52859 әскери бөлімі