«Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығының жобасы.
Жобаны қабылдау құқықтық сенімділікті арттырады, нормативтік актілердегі ықтимал сәйкессіздіктерді жояды және олардың «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өзекті редакциясына сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.