
Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы Е.Б. Бейсеуов «Резерв» РМК филиалдарының қызметімен танысу және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау шарттарын тексеру мақсатында «Резерв» РМК-ның «Высота» филиалына барды.
Сапар барысында төраға филиал ұжымымен кездесті, кездесуде кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды.