Комитет «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Комитет «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

     Комитеттің қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты. Акция шеңберінде Комитет ғимаратының аумағында сеңбілік өткізілді. Комитеттің, «Резерв» РМК және филиалдарының қызметкерлерімен 356 ағаш отырғызылды.  Акцияның басты мақсаты – табиғатты қорғаудың маңыздылығына тұрғындардың назарын аудару және экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

     «Таза Қазақстан» республикалық акция Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткізілуде және елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыруға, азаматтарда табиғатқа ұқыпты қараудың құндылығын қалыптастыруға бағытталған.