
2024 жылғы 19 қыркүйекте Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша семинар өтті.
Комитет төрағасының орынбасары Р.А. Ормағамбетов семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті айтқан реформалардың бағытын түсіндірді. Р.А. Ормағамбетов тұрақты және тиімді мемлекет құруға бағытталған жүйелі өзгерістердің маңыздылығын атап өтті.