
2024 жылғы 3-4 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Шолпан Ата қаласында, ТМД қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын органдар басшыларының консультативтік кеңесінің XX отырысы өтті.
Отырысқа Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының мемлекеттік резервтерінің өкілдері, сондай-ақ ТМД атқарушы комитетінің өкілі қатысты.
Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары Р.А. Ормағамбетов, «Резерв» ШЖҚ РМК бас директорінің орынбасары Т.А. Лигай, «Резерв» ШЖҚ РМК материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы А.Ж. Надыргалиев болды.
Қатысушылар отырыс барысында мемлекеттік материалдық резервтер органдары ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
Мәселен, күн тәртібіне ТМД Экономикалық кеңесінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі ТМД экономикалық саладағы салалық ынтымақтастық органдарының 2018-2023 жылдардағы қызметі туралы шешімін орындау туралы, жаһандық өзгерістер жағдайында мемлекеттік материалдық резервтерді басқару туралы: ТМД тәжірибесі мен перспективалары, ТМД 2030 жылға дейінгі кезеңде экономикалық дамуы Стратегиясының екінші кезеңін (2026-2030 жылдар) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын дайындау туралы мәселелер қойылды.
Бұдан басқа, ТМД қатысушы мемлекеттердің Консультативтік кеңесі мен базалық ұйымының мемлекеттік материалдық резервтер жүйесін ғылыми-техникалық дамыту, 2023-2024 жылдары кадрларды қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру саласындағы жұмысының қорытындылары шығарылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу ТМД-дағы интеграциялық процестерді нығайтуға, оның ішінде мемлекеттік материалдық резервтердің материалдық құндылықтарын қалыптастыру, сақтау және шығару, олардың сапалы және сандық сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдеседі.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасып, келесі жылға арналған бірқатар мақсаттар мен міндеттерді анықтады.
Атап өту керек, 2025 жылы Консультативтік кеңестің кезекті XXI отырысы Ресей Федерациясының төрағалығымен өтеді.