
Жұмыс сапары аясында Комитет төрағасының м.а. мемлекеттік резервті сақтау пункттері және ұн тарту өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі болып табылатын «Қарағанды мелькомбинаты» ЖШС және «Қарағанды-НАН» ЖШС-на барды. Сапар барысында өндірістік қуаттылықпен, дайын өнім үлгілерімен, мемлекеттік резервті сақтау шарттарымен танысты.
Жұмыс сапары Қазақстанда шай өнімдерін, дәмдеуіштерді, тез дайындалатын сорпаларды, дәмдеуіштер мен аспаздық қоспаларды өндіретін және нарықта сататын сауда-өндірістік компания болып табылатын «МАЛУ» ЖШС-не барумен жалғасты.