
18 маусымда Комитетте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің офицері А. Д. Айдархановтың, Қазақстан Республикасы ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Д. Т. Сұлтановтың, «Резерв» РМК комплаенс-офицері Ж.С. Салимбаевтың қатысуымен семинар өтті.
Семинар барысында офицер А. Айдарханов қызметкерлерге Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын түсіндірді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жаңғырту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және іс-қимыл, жемқорлыққа қарсы реформалар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларынан бас тартқаны үшін жауапкершілікті күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы баяндады.