Комитет төрағасы ТЖМ кеңейтілген алқа отырысында сөз сөйледі

Комитет төрағасы ТЖМ кеңейтілген алқа отырысында сөз сөйледі

   2024 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Министрліктің 2023 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.

    Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы Салтанат Кәкімжанқызы Сабырбаева Комитеттің 2023 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндады.

    2023 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен 5 елге (Сирия Араб Республикасы, Түркия Республикасы, Ауғанстан, Тәжікстан Республикасы және Палестина Мемлекеті) гуманитарлық көмек көрсету үшін материалдық құндылықтар броньнан шығарылды.

    Мемлекеттік материалдық резервтен еліміздің 2 өңірінде (Абай облысы және Маңғыстау облысы) Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін материалдық құндылықтар броньнан шығарылды.

    Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Комитет жыл сайын түгендеу жүргізеді. Ағымдағы жылы түгендеу «Резерв» РМК-нің барлық 10 филиалында, мемлекеттік резервтің 11 сақтау пунктінде жүргізілді. Жұмылдыру резервін сақтауды жүзеге асыратын 59 ұйымда түгендеу салалық мемлекеттік органдардың қатысуымен жүргізілді.

    Комитет 2024-2026 жылдарға арналған мемлекеттік материалдық резервті дамытудың перспективтік жоспарын әзірледі, онда мемлекеттік материалдық резерв жүйесі қызметінің барлық салаларын жетілдіру көзделген. Осы бағыттағы жұмыс белгіленген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.