Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кезекті дәріс өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кезекті дәріс өткізілді

    Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің негізгі функцияларының бірі «Резерв» РМК филиалдарында сақталатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын түгендеу болып табылады. Түгендеу кестесіне сәйкес Комитет қызметкерлері осы бағытта «Резерв» РМК «Заря» филиалында жұмыс жүргізді.

   Сапар аясында Комитет қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кеңес өткізді. Кеңес барысында дәрістер оқылып, бейнероликтер көрсетілді. Барлық материалдар «Резерв» РМК филиалдарының жұмыскерлеріне сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлық фактілері пайда болған жағдайда әрекет ету тәртібі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіру үшін әзірленген.

   Өз кезегінде «Заря» филиалы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен семинарлар ұйымдастырады, жадынамалар ғимарат қабырғаларында орналастырылған және т. б.