Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы

   Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымы – «Резерв» РМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді.

   Осылайша, Комитет қызметкерлері ағымдағы жылдың қазан айында «Резерв» РМК «Сигнал» филиалына жұмыс сапары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. Баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа енгізілген өзгерістер, айыппұлдар мен өсімпұлдардың мөлшері туралы айтылды. Дәрістен кейін осы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.

    Сонымен  қатар, «Сигнал» филиалының ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жадынамалар орналастырылған.