ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

  Қазақстан Конституциясы күні – мемлекеттік деңгейдегі аса маңызды оқиға. Конституция – заңдылық пен тәртіптің өзегі, ел егемендігінің құқықтық негізі, демократия мен халық бостандығының кепілі.

  Еліміздің негізгі заңын қабылдау күні мерекеден де артық. Бұл оқиға қазақстандықтардың жарқын болашағына бастама болды. Өйткені, Конституция – әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі.

  ҚР Конституциясы күніне орай «Резерв» РМК ғимаратында 2022 жылғы 26 тамызда салтанатты жиналыс өткізілді, оған Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қызметкерлері мен «Резерв» РМК жұмыскерлері қатысты.

  Салтанатты жиынды Комитет төрағасының орынбасары Нұрлан Иманбаев құттықтау сөзімен ашты. Сондай-ақ, «Резерв» РМК Бас директорының міндетін атқарушы Ришат Асансеитов құттықтау сөз сөйлеп, Кәсіпорынның және оның филиалдарының ерекше көзге түскен қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің ведомстволық наградаларымен марапаттады.