
Қазақстанның мемлекеттік резерв жүйесі жұмыс істеген 30 жыл ішінде мемлекеттік материалдық резервтің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды.
Мемлекеттік материалдық резервтің жұмыс істеуінің қазіргі жағдайларында оны жетілдіру жөніндегі жаңа институттар тұрақты негізде енгізілуде. Мысалы, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жаңа тәсілдер мен әдістер енгізілді.
Атап айтқанда, заңнамада тауарларды мемлекеттік материалдық резервке жеткізу кезінде және сақтау кезеңінде олардың сапасы мен қауіпсіздігін анықтау үшін зертханалық зерттеулер жүргізу бекітілді.
Бұл өзгеріс мемлекеттік материалдық резервтің қызметіне оң әсер етті. Енді тамақ өнімдерін зерттеуді (сынауды) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар («Ұлттық сараптама орталығы» РМК) жүргізеді.
Мемлекеттік резервтің өзге де материалдық құндылықтарына зерттеулер (сынақтар) жүргізуді аккредиттелген сынақ зертханалары жүзеге асырады. Осылайша, сапасыз тауарлар мен сыбайлас жемқорлық құрамдастарының жеткізілу тәуекелі төмендетілді.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі) және қызметін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарын жеткізу, сақтау және жаңарту жөніндегі функцияларды орындайды, бұл мемлекеттік материалдық резервке сертификатталған өнімді жеткізуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, қазіргі заманда мемлекеттер арасында гуманитарлық көмек көрсету тұрақты негізде жүзеге асырылуда.
2021 жылдан бастап гуманитарлық көмек көрсету қағидаларында халықтың өмір сүру және тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан Қазақстан Республикасына келіп түсетін гуманитарлық көмекті қабылдау және бөлу тәртібі реттелген.
Заңнамада мемлекеттік материалдық резервтің тауарларын қайта өңдеу, сақтау пункттерінің материалдық құндылықтарды жаңарту және оларды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз беру құзыреті енгізілді.
Сақтау пункттерімен енгізілетін тауарды жаңарту тетігі мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру кезінде бюджеттік ақша қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік берді, сол арқылы тауарды өткізу және оны қайтадан сатып алу, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымның қойма алаңдарының шектеулілігіне байланысты мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары көлемінің едәуір бөлігін сақтау пункттеріне орналастыруды қамтамасыз ету қажеттілігі жойылды.
Осыған байланысты, 2020 жылдың басынан бастап мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесі 25 заңды тұлғаға ұлғайтылды.