Комитетте дөңгелек үстел өткізілді

Комитетте дөңгелек үстел өткізілді

  «Резерв» РМК ғимаратында 2022 жылғы 16 мамырда «Қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық келісім» дөңгелек үстелі өткізілді. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырған бұл іс-шараға ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттері қызметкерлері, сондай-ақ «Резерв» РМК жұмыскерлері қатысты.

  Дөңгелек үстелді ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.К. Мақажанов кіріспе сөзімен ашты, кейін ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Н.С. Ораш сөз сөйлеп, сөз кезегін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне берді. Н.П. Калашникова «Қазақстандағы жаңа саяси реформалар аясындағы этносаралық қатынастар» тақырыбында, Ш.А. Пулатов «Медиация жанжалдарды реттеудің баламалы тетігі ретінде» тақырыбында сөз сөйледі.

  Дөңгелек үстел барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінің мақсаттары мен міндеттері, этносаралық мәселелерді шешу жолдары және этносаясат мамандығының жоғары рөлі түсіндірілді.

  Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР ҚХА өкілдеріне алғыстарын білдірді.