
Елімізде ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты Комитет қызметіндегі маңызды мәселелердің бірі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
2022 жылғы 31 наурызда Комитет қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің талаптарымен танысты.
«Резерв» РМК-нің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша жауапты тұлғасы – Жедел басқару орталығының бас маманы Жоломанов Дархан баяндама жасады.
Ол, сондай-ақ, осы бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін, Комитеттің ведомстволық бағынысты бөлімшелерінде анықталған бұзушылықтар туралы айтып берді.
Сонымен қатар, қолжетімділігі шектеулі құжаттарды қалыптастыру және ресімдеу талаптарын техникалық жағынан түсіндірді.
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында қызметкерлерге тыйым салынған операциялардың түрлеріне және дербес компьютер мен машиналық ақпарат тасығыштарды пайдалана отырып рұқсат етілетін түрлеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар сөз сөйлеушіге сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.