Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша семинар өткізілді

  «Резерв» РМК ғимаратында 2022 жылғы 30 наурызда ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттерінің қызметкерлері мен «Резерв» РМК жұмыскерлері үшін семинар өткізілді.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының офицері А.Е. Кенебаева сөз сөйледі, ол Агенттіктің бұзушылықтарды болдырмау үшін жүргізетін шаралары туралы және құқық бұзушылық жасау жағдайлары анықталған кезде жазалау туралы, сондай-ақ ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер, айыппұл мөлшері туралы айтып берді, Агенттікке жәрдем көрсеткені үшін көтермелеулер жүргізілетініне де тоқталды.

  Жол құқық бұзушылықтары мәселелері бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жол полициясының аға инспекторы А.А. Иманбаева сөз сөйледі және Қазақстан Республикасында «Сергек» бейнекамерасына тіркелген жол-көлік құқық бұзушылықтары бар бейнелерді көрсетті. Жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де қауіпсіздік шаралары туралы ескертті.