Комитет Наурыз мейрамын атап өтті

Комитет Наурыз мейрамын атап өтті

  20 наурызда Комитет «Резерв» РМК-мен бірлесіп ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған Наурыз мейрамына белсенді қатысты.

  Таңертеңнен бастап «Құтқарушы» спорт кешенінің аумағында ұлттық әуендер шырқап, мерекелік көңіл-күй сезілді.

  Министр Юрий Ильин құттықтау сөз сөйлеп, барлығын Наурыз мерекесімен құттықтады.

  Комитет киіз үйдің бірін орнатып, онда қонақтарды қабылдады: Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығы, азаматтық қорғау жүйесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері және олардың туыстары, сондай-ақ Мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ардагерлері және «Резерв» РМК филиалдарының директорлары.

  Киіз үйде барлық қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары, Наурыз көже және өзбек палауы ұсынылды.

  Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлері ұлттық салт-дәстүр – «Сырға салуды» театрландырып қойылым көрсетті, киіз үйде халық әндері мен би, концерт ұйымдастырды.

  Сондай-ақ, қызметкерлер «Арқан тарту», «Қазақша күрес», «қой көтеру» спорт ойындарына қатысты. Спорттық ойындардың қорытындысы бойынша «Резерв» РМК «Қазақша күрестен» 3-ші орынды иеленді.