
Комитет ұжымының ер-азаматтары атынан Сіздерді келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өміріне және саяси мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріледі.
Біздің нәзік жанды әріптестеріміз, Комитет алдына қойылған міндеттерді орындауға айтарлықтай үлес қосып келесіздер. Сіздердің төзімділіктеріңізге, сыйластықтарыңызға және ерен еңбектеріңізге алғысымыз шексіз!
Сіздерге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Комитет төрағасының міндетін атқарушы
Н. Иманбаев