Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын түсіндіру жұмысы жүргізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын түсіндіру жұмысы жүргізілді

 

     Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының Тұжырымдамасы бекітілді және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізілді.

     2022 жылғы 18 ақпанда ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті және оған ведомстволық бағынысты «Резерв» РМК Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын түсіндіру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы) өзгерістер енгізу жөнінде кеңес өткізді.

     Кеңес Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен «Резерв» РМК қызметкерлерінің, сондай-ақ «Резерв» РМК филиалдары жұмыскерлерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілді.

     Түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Қ.Б. Монолбаев шақырылды.

     Өз кезегінде Комитет төрағасының орынбасары Н.М. Иманбаев Комитет пен «Резерв» РМК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан саясатын атап өтті.

     Бұл бағыттағы жүйелі және кешенді тәсіл Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру арқылы қамтамасыз етілген.

     Комитет және оған ведомстволық бағынысты «Резерв» РМК өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс бойынша тиісті шаралар қабылдауда.

     Комитетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бекітілген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.

     Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Комитеттің қызметін реттейтін құқықтық актілерді және ішкі құжаттарды талдау жолымен жүргізіледі.

     Жыл сайын Министрдің бұйрығымен ТЖМ құқықтық мониторингін жүргізу кестесі бекітіледі, оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталауларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілерді болжау, талдау, іске асыру тиімділігін бағалау арқылы оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Комитеттің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізіледі.

     Тиісті жұмыс «Резерв» РМК-да да жүргізіледі, Кәсіпорын жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жауапты комплаенс-офицер лауазымы енгізілген, сонымен қатар дәрістер, семинарлар және басқа да алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Осы жылдың басынан бастап қызметкерлердің жалақысын көтергені де маңызды фактор болып табылады, бұл да сыбайлас жемқорлықты жоюға және жұмыс сапасын арттыруға бағытталған.