Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күнінің 30 жылдығы қарсаңында Комитетте салтанатты іс-шара өткізілді

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күнінің 30 жылдығы қарсаңында Комитетте салтанатты іс-шара өткізілді

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күнінің 30 жылдығын мерекелеу шегінде карантин шараларын сақтай отырып, салтанатты іс-шара өткізілді. Оған Комитеттің және «Резерв» РМК орталық аппаратының қызметкерлері қатысты. Салтанатты іс-шара барысында Комитеттің төрағасы Салтанат Сабырбаева құттықтау сөз сөйледі.

Бұл іс-шараға мемлекеттік материалдық резервтер жүйесінің ардагері Қабидолла Сәрекенов шақырылды және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен наградталды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен мемлекеттік материалдық резервтер жүйесінің 5 қызметкері наградталды.

Комитет пен «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекетік кәсіпорнының, оның филиалдарының бірқатар қызметкерлері ҚР ТЖМ ведомстволық наградаларымен марапатталды.