Мемлекеттік материалдық резервтер жүйесінің құрылғанына 90 жыл

Мемлекеттік материалдық резервтер жүйесінің құрылғанына 90 жыл

КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің 1931 жылғы 17 қазандағы қаулысымен мемлекеттік резервтерді басқарудың негізгі функцияларын біріктіретін мамандандырылған орган – Еңбек және Қорғаныс Кеңесі жанындағы резервтер комитеті (Резервтер комитеті) құрылды. Резервтер комитетінің қарамағына барлық жұмылдыру қорлары берілді, отандық өндірістің стратегиялық материалдары бойынша резервтер номенклатурасы бекітілді.

Мемлекеттік резервтің қорлары 1932-1933 жылдардағы аштықпен күресу үшін пайдаланылды. Жүйенің алдына қызыл армия мен флотты жұмылдыруды қамтамасыз ету үшін резервтер беру, қорғаныс өнімдерін шығаруға көшу үшін кәсіпорындардағы жұмылдыру резервтерін броньнан шығару, Ұлы Отан соғысы кезінде қауіпті аумақтардан елдің шығыс аймақтарына қорларды эвакуациялау міндеттері қойылды.

1990 жылдың аяғынан бастап мемлекеттік резерв жүйесінде төтенше жағдайлардың салдарын жою және гуманитарлық көмек көрсету кезінде бірінші кезектегі шараларды қабылдауға арналған тауарлар мен материалдардың ерекше қорын құру бойынша жұмыс басталды.

Содан бері мемлекеттік резерв жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырады, сонымен бірге елдің негізгі қорларын сақтау үшін тауарлар мен материалдарды ұзақ уақыт сақтау функцияларын сақтай отырып, мемлекеттік резервте салынған материалдардың номенклатурасы едәуір артты.

КСРО одақтас республикаларының өз егемендігі мен тәуелсіздігін жариялауына байланысты 1992 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанынан Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі Комитет құрылды.

Комитет құрылған сәттен бастап мемлекеттік материалдық резерв саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды табысты орындауда.

Мемлекеттік резерв жүйесі ел аумағындағы дүлей зілзалалар мен техногендік апаттардың салдарын жою жөніндегі кезек күттірмейтін жұмыстарды қажетті тауарлармен және материалдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару жүйесінің табысты жұмыс істеуі, сөзсіз, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті қызметкерлерінің көпжылдық еңбегінің нәтижесі болып табылады.

2021 жылғы 18 қазанда ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде Мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің құрылуына 90 жыл – мерейтойлық іс-шара жүргізілді.

Салтанатты іс-шараға мемлекеттік материалық резервтер жүйесінің ардагерлері шақырылды, оларға Төтенше жағдайлар министрі Ю.В.Ильиннің Алғыс хаттары табысталды, ескерткіш сувенирлер мен сыйлықтар тарту етілді.

Комитет пен «Резерв» республикалық мемлекетік кәсіпорнының, оның филиалдарының бірқатар қызметкерлері ҚР ТЖМ ведомстволық наградаларымен марапатталды.