Мемлекеттік материалдық резервтер ардагерлерін құттықтау

Мемлекеттік материалдық резервтер ардагерлерін құттықтау

2021 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК мемлекеттік материалдық резервтер жүйесінің ардагерлері Сэмен Назарбайұлы Бекбаулинді, Амангелді Молдабаевты және  Эдуард Андреевич Циммерманды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен құттықтауды ұйымдастырды.

          Бұл күні Бас директорының бірінші орынбасары Ришат Мұханбетұлы Асансеитов тұлғасындағы Комитет пен «Резерв» РМК өкілдері ардагерлердің үйлеріне барып, отбасы жағдайында құттықтап, тамақ өнімдері, жеміс, тәттілер мен кофе жинақталған мерекелік себеттер тарту етті. Әрбір ардагерге «Азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің грамотасы тапсырылды. Р.М. Асансеитов оларға мемлекеттік материалдық резерв жүйесін дамыту мен сақтаудағы үлесі, ұзақ жылғы және адал еңбектері үшін алғысын білдіріп, оларға мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Кездесу жылы көңіл-күйде, отбасылық жағдайда өтті, ардагерлер мемлекеттік материалдық резервтер саласындағы өз естеліктерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, Комитет пен «Резерв» РМК өкілдеріне ақ батасын берді. Кездесу барысында ардагерлер мен Комитет өкілдері бірлескен ескерткіш фотоға түсу жүргізілді.