«Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;»;
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Лауазымы ТАӘ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті