«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын
есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Азаматтық қорғау туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган ведомствосының есепке алуы тәртібін белгілейді.»;
2-тармақтың 4-1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) автоматтандырылған есеп жүйесі - мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына операция жүргізу үдерістерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғын, оларды салуды, шығаруды, есептен шығаруды, орнын ауыстыруды, басқа мемлекеттік органдардың балансына беруді есепке алуды жүзеге асырады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары ведомствоның бухгалтерлік есебінде салу бағасы бойынша көрсетіледі, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік материалдық резервтің бухгалтерлік есебін жүргізу нұсқаулығына сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу, шығару, есептен шығару, орнын ауыстыру, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру кезінде бухгалтерлік есепке алу жүзеге асырылады және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қаржы есептілігі ұсынылады.
Бухгалтерлік және қоймалық есеп ведомствомен бағдарламалық қамтылымды қолдана отырып тиісті автоматтандырылған жүйеде жүргізіледі.»;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ведомство мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының сапа және сан жағынан сақталуын есепке алуды және бақылауды қамтамасыз етеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сақтау пункттері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымда қоймада (қоймаларда) қоймалық есеп жүргізіледі және бухгалтерлік қызмет бухгалтерлік есепті бағдарламалық қамтылымды қолдана отырып автоматтандырылған жүйеде жүргізеді. Сақтау пункттері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдағы бухгалтерлік қызмет қоймада тұрған материалдық құндылықтардың түсімі мен жұмсалуын бақылауды жүйелі түрде жүзеге асырады, сондай-ақ материалдық құндылықтарды есепке алу жөніндегі өз жазбаларын қоймада жүргізілетін жазбалармен салыстырып тексереді.»;
9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Актілерге материалдық құндылықтардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар, сәйкестікті растау, сараптама, шыққан жері нысандарындағы тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттар) қоса беріледі.»;
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1. Кәдеге жаратылған тауарлар сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйымға кейіннен өткізу үшін қабылданған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі негізінде ведомствоның бухгалтерлік есебіне қойылады.
Актілерге кәдеге жаратылған тауарлардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар, сәйкестікті растау, сараптама, шыққан жері нысандарындағы тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттар) қоса беріледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Ведомство осы Қағидалардың 9 немесе 9-1-тармағында көзделген актілерді қарайды және оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке есепке немесе кәдеге жаратылған тауарларды бухгалтерлік есепке қоюды жүзеге асырады не актілерді пысықтауға қайтарады.
Актілер:
1) актілер осы Қағидалардың 9 немесе 9-1-тармақтарында көрсетілген талаптарға және осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес келмеген;
2) өшіріп тазартылған не қосып жазылған сөздер немесе оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;
3) акт жеткізу шартына сәйкес келмеген (жеткізу шарты бар болған жағдайда) жағдайларда пысықтауға қайтарылады.
Қайтарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтау пункттері және ведомстволық бағынысты ұйым ведомствоға мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды немесе кәдеге жаратылған тауарларды бухгалтерлік есепке қою үшін пысықталған актілерді жолдайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жасалған тауарды жеткізу шартына сәйкес өнім берушілердің салуы кезінде ұсынылатын тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар, сәйкестікті растау, сараптама, шыққан жері нысандарында тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттары ведомстволық бағыныстағы ұйымның технологиялық бөлімінде немесе сақтау пункттерінің бухгалтерлік қызметінде сақталады.»;
15-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Актілер шығару күні жасалады, оларға сақтау пункті мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, бас бухгалтері, материалдық жауапты адамы, жұмылдыру бөлімшесінің қызметкері (ұйымда жұмылдыру бөлімшесі бар болса) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды, мөрмен бекітіледі (болған жағдайда) және актілердің бір данасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын немесе кәдеге жаратылған тауарларын бухгалтерлік есептен шығару үшін ведомствоға жолданады.»;
15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1. Ведомство осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген актілерді қарайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды мемлекеттік резерв есебінен немесе кәдеге жаратылған тауарларды бухгалтерлік есептен шығаруды жүзеге асырады не актілерді пысықтауға қайтарады.
Актілер:
1) акт осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген талаптарға және осы Қағидаларға 1 және/немесе 2-қосымшаларға сәйкес келмеген;
2) өшіріп тазартылған не қосып жазылған сөздер немесе оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;
3) акт мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару нарядына сәйкес келмеген жағдайларда пысықтауға қайтарылады.
Қайтарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтау пункттері және ведомстволық бағынысты ұйым ведомствоға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын мемлекеттік резерв есебінен немесе кәдеге жаратылған тауарларды бухгалтерлік есептен шығару үшін пысықталған актілерді жолдайды.»;
16-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зертханалық зерттеулер, сынақтар, талдаулар, сараптама жүргізу үшін іріктелген мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару зерттеулер, сынақтар хаттамаларының, сараптама қорытындысының, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың актілері негізінде жүзеге асырылады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орны бір сақтау пунктінен/ведомстволық бағынысты ұйымнан басқа сақтау пунктіне/ведомстволық бағынысты ұйымға ауыстырылған кезде материалдық құндылықтар есептен шығарылмайды. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары туралы есептік деректерге материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жасалынатын нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі негізінде енгізіледі.
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орны ауыстырылған кезде ведомствоның өкілі ауыстырылатын материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге құқылы, нәтижесі бойынша осы Қағидалардың 19-2-тармағына сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын түгендеу актісі жасалады.
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының саны сәйкес келмейтіні анықталған кезде материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру сәйкессіздік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес беруші тараптың есебінен жүргізіледі.»;
19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1. Орны ауыстырылған материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының саны мен сапасының жай-күйі айқындалғанға дейін сақтау пунктіне/ведомстволық бағынысты ұйымға уақытша сақтауға қабылданады, оны айқындау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік резервтің орны ауыстырылған материалдық құндылықтарын қабылдау актісі, не осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес сәйкессіздік актісі жасалады.»;
мынадай мазмұндағы 19-2-тармақпен толықтырылсын:
«Түгендеу тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тарта отырып, жылдық түгендеу кестесінің негізінде жүзеге асырылады.
Түгендеу жүргізу үшін мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның бұйрығымен түгендеу комиссиялары құрылады, түгендеудің басталу және аяқталу мерзімдері белгіленеді.
Түгендеу комиссиясы мемлекеттік мекеменің, ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің қызметкерлерінен бухгалтерді қоса алғанда кемінде 3 адамнан құрылады.
Түгендеу комиссиясын Мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің қызметкері басқарады.
Ведомстволық бағынысты ұйым/сақтау пункті белгіленген мерзімдерде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының нақты болуын толық және дәл тексеру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді.
Түгендеу комиссиясы мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына олардың сақтау орындары бойынша түгендеу жүргізеді.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының нақты болуын тексеру материалдық жауапты тұлғалардың тікелей қатысуымен жүргізіледі.
Түгендеу комиссиясының барлық мүшелері толық құрамда міндетті түрде қатысқан кезде түгендеу жүргізіледі.
Материалдық жауапты тұлғалар түгендеу комиссиясының мүшелері болып табылмайды.
Материалдық құндылықтардың нақты болуын тексеруге кіріспес бұрын түгендеу комиссиялары:
қойма үй-жайлары мен резервуарларды, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтайтын басқа да орындарды пломбалау;
барлық өлшеу аспаптарының жарамдылығын тексеру.
Түгендеу комиссиясы түгендеу кезінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының болуы мен қозғалысы туралы соңғы есептерді алады.
Түгендеу басталардан бір күн бұрын материалдық құндылықтардың келуі мен шығысы бойынша барлық құжаттарды өңдеу аяқталуы, қоймалық есепке алу карточкаларында (кітаптарында) тиісті жазбалар жүргізілуі және қалдықтар шығарылуы тиіс.
Материалдық жауапты тұлғалар түгендеу басталғанға дейін материалдық құндылықтардың келуі мен шығысына қатысты барлық құжаттар бухгалтерлік қызметке тапсырылғанын және оларды жауапты сақтауға түскен барлық құндылықтар кіріске алынғанын, ал шығып қалғандары шығысқа есептен шығарылғанын растайтын қолхат береді.
Түгендеу кезінде материалдық құндылықтардың болуы міндетті санау және өлшеу арқылы анықталады. Өнім берушінің бүтін қаптамасында сақталатын материалдар мен тауарлар бойынша осы құндылықтардың саны алып тастау түріндегі құжаттар негізінде осы құндылықтардың бір бөлігінің нақты болуын міндетті тексеру кезінде айқындалады. Үйінді материалдардың массасын (салмағын немесе көлемін) айқындауды өлшемдер мен техникалық есептеулер негізінде жүргізуге жол беріледі, бұл туралы тізімдемелерде тиісті белгі жасалады.
Егер қоймалардағы немесе басқа да жабық үй-жайлардағы материалдық құндылықтарды түгендеу сол күні аяқталмаса, үй-жайлар түгендеу комиссиясы кеткен кезде мөрленуі тиіс.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының нақты болуы туралы мәліметтер түгендеу тізімдемесіне (салыстыру ведомостарына) жазылады, оның нәтижелері бойынша түгендеу актісі жасалады.
Түгендеу актісі мемлекеттік мекеме мен сақтау пункті үшін екі данада не мемлекеттік мекеме, ведомстволық бағынысты ұйым, филиал үшін үш данада жасалады, оларға түгендеу комиссиясының төрағасы мен барлық мүшелері және материалдық жауапты адамдар қол қояды.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне өтеусіз беру кезінде мемлекеттік резервтің жаңартылуға жататын және броньнан шығарылған материалдық құндылықтары номенклатура өзгерген кезде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес шығару актісі және 2-қосымшасына сәйкес қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес есептен шығарылады.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Салу кезінде есепке алынған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары ведомствоның бухгалтерлік есебіне алынады.
Кәдеге жаратылған тауарлар кейіннен өткізу немесе басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру үшін ведомствоның бухгалтерлік есебіне қабылданады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Мынадай:
1) шығару (броньнан шығару, жаңарту, қарызға беру, сараптама жүргізу);
2) мұнай және мұнай өнімдері жетіспеушіліктерін табиғи кему нормалары шегінде есептен шығару;
3) дебиторлық берешекті есептен шығару;
4) кәдеге жарату немесе жою;
5) басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру;
6) зерттеулер (сынақтар, сараптама) жүргізу;
7) кәдеге жаратылған тауарларды өткізу;
8) жетіспеушіліктердің құнын өтеу жағдайларында мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары және кәдеге жаратылған тауарлары бухгалтерлік есептен шығарылады.»;
25, 26-тармақтар алып тасталсын;
8-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда 9-қосымшамен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы «___» ______ №___ қаулысына 1-қосымша
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына 8-қосымша
|
Уақытша сақтауға қабылдау актісі
20___ жылғы «__» ________ қ.(а)____________
Осы акт __________(Өнім беруші) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 20___жылғы ____________№____ бұйрығына сәйкес төменде қол қойған Өнім берушінің өкілдері тұлғасында орындады, төменде қол қойған Тапсырыс берушінің өкілдері тұлғасындағы Комиссия төменде көрсетілген мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын уақытша сақтауға қабылдау жүргізгені туралы толтырылды:
Біз төменде қол қойған келесі құрамдағы комиссия__________________________
______________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________өнім беруші өкілінің қатысуымен____________________________________________________________(өнім берушінің атауы) тауарды уақытша сақтауға қабылдадық.
|
№ р/с |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Жарамдылық мерзімі |
Сақтау мерзімі |
Бірлік үшін бағасы |
Құны |
Жасалған күні |
Өндіруші |
Ескертпе |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
|
ЖИЫНЫ: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Комиссия төрағасы: _____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, (басшы)
Мөр орны (бар болса)
Комиссия мүшелері:
___________________________________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
(бас бухгалтер, материалды жауапты тұлға және т.б.)
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Мөр орны (бар болса)
Өнім берушінің уәкілетті тұлғасы
______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы «___» ______ №___ қаулысына 2-қосымша
|
|
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына 9-қосымша
|
Сәйкессіздік актісі
20___ жылғы «__»________ қ.(а)____________
Біз төменде қол қойған келесі құрамдағы комиссия ____________________
_____________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________өнім беруші өкілінің қатысуымен
__________________________________________________(өнім берушінің атауы)
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 20___жылғы ____________№____ бұйрығына сәйкес тауарды тексеру кезінде осы актіні толтырып
|
№ р/с |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Бірлік үшін бағасы |
Құны |
Жасалған күні |
Өндіруші |
Ескертпе |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
|
ЖИЫНЫ: |
|
|
|
|
|
|
|
келесі сәйкессіздікті (терді) анықтадық
______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бұл сәйкессіздіктер тауарды уақытша сақтауға қабылдауға жол бермейді.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, осы комиссия тауарды (ларды) қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдады.
Комиссия төрағасы: _____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, (басшы)
Мөр орны (бар болса)
Комиссия мүшелері:
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
(бас бухгалтер, материалды жауапты тұлға және т.б.)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Мөр орны (бар болса)
Өнім берушінің уәкілетті тұлғасы
_________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)