Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимылға бағытталған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің 2019-2020 жылдарға арналған

іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

 

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы                             18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен «Резерв» РМК Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және іске асырылу барысы туралы есепті жылдың 20 желтоқсанында Персоналды басқару және құжатайналым қызметіне ақпарат берсін.
  3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 75 бұйрығының күші жойылсын.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төрағаның міндетін атқарушы                                       С. Сабырбаева

 

№ 59 бұйрық
Дата публикации
26 июня 2020