Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттарды таңдау бойынша ішкі конкурс жөніндегі конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының 2020 жылғы 28 шілдедегі 47 ХАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттарды таңдау бойынша

ішкі конкурс жөніндегі конкурстық комиссиясының

қорытынды отырысының

№ 47 ХАТТАМАСЫ

 

Нұр - Сұлтан қаласы                                                         2020 жылғы 28 шілде

 

Қатысқандар: конкурс комиссиясының мүшелері және комиссия хатшысы.

 

Конкурстық комиссияның төрағасы: Иманбаев Нұрлан Мейрамұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының басшысы;

 

Комиссия мүшелері:

 

 

 

 

 

 

Исақұл Алан Әбдісерікұлы – Комитеттің Заң басқармасының басшысы;

 

Мақаш Гүлжаухар Мұхамедәліқызы – Комитеттің Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы;

 

Жәпішев Ербол Қалиярұлы – Комитеттің Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының басшысы;

 

Саматов Ернар Әділұлы – Комитеттің Экономика және қаржы басқармасының басшысы м.а.

Комиссия хатшысы:

 

Баекеева Айсәуле Толыбайқызы – Комитеттің Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің бас сарапшысы.

     

 

Күн тәртібінде:

 

Үміткерлерді ұсынылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесудің негізінде бағалау және әкімшілік мемлекеттік бос лауазымды орынға тікелей орналастыру үшін іріктеу:

Комитеттің Экономика және қаржы басқармасының басшысы және Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің 2021 жылғы 15 ақпанға дейінгі бала күтімі демалысы кезеңіне) бос жарияланған лауазымға 0 өтініш түсті.

Конкурс комиссиясы шешті:

Бос лауазымдарға құжат тапсырушылардың болмауына байланысты, Комитеттің Экономика және қаржы басқармасының басшысы және Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің 2021 жылғы 15 ақпанға дейінгі бала күтімі демалысы кезеңіне) бос лауазымдарына жалпы конкурс жариялансын.

№ 47 хаттама
Дата публикации
28 июля 2020