Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттарды таңдау бойынша осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жөніндегі конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттарды таңдау бойынша осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жөніндегі конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының

№ 42 ХАТТАМАСЫ

 

Нұр - Сұлтан қаласы                                                                 2020 жылғы 7 шілде

 

Қатысқандар: конкурс комиссиясының мүшелері және комиссия хатшысы.

 

Конкурстық комиссияның төрағасы: Исақұл Алан Әбдісерікұлы – Комитеттің Заң басқармасының басшысы;

 

Комиссия мүшелері:

 

 

 

 

 

 

Шиганов Тамерлан Тимурович – Комитеттің Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының басшысы;

 

Жәпішев Ербол Қалиярұлы – Комитеттің Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының басшысы.

Комиссия хатшысы:

 

Майкенова Раушан Эриковна – Комитеттің Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының бас сарапшысы.

 

Күн тәртібінде:

 

Үміткерлерді ұсынылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесудің негізінде бағалау және әкімшілік мемлекеттік бос лауазымды орынға тікелей орналастыру үшін:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Экономика және қаржы басқармасының бас сарапшысы бос жарияланған лауазымға 0 өтініш түсті.

Конкурс комиссиясы шешті:

Бос лауазымға құжат тапсырушылардың болмауына байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Экономика және қаржы басқармасының бас сарапшысы бос лауазымына (негізгі қызметкердің 2022 жылғы 27 сәуірге дейінгі бала күтімі демалысы кезеңіне) барлық мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялансын.

 

Комиссия төрағасы                                                       ____________ Исақұл А.А.

 

Комиссия мүшелері:                                                     ____________ Шиганов Т.Т.

 

___________ Жапишев Е.К.

 

Комиссия хатшысы:                                                      _____________ Майкенова Р.Э.

07.07.2020 ж. № 42 хаттама
Дата публикации
07 июля 2020