2023 жылғы 28 ақпанда жарияланған
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қортынды отырысының № 3 хаттамасы
Астана қаласы 2023 жылғы 16 наурыз
Күн тәртібінде
Конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Комитет Экономика және қаржы басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты C-4, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялады.
Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарының бірыңғай порталында 2023 жылғы 28 ақпанда жарияланды.
Конкурсқа қатысуға үміткерлерден құжаттар 2023 жылғы 1-10 наурыз аралығында қабылданды.
Жарияланған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 3 өтініш түсті.
Әңімелесуге 3 үміткер жіберілді, 1 үміткер конкурстан бас тартты, 1 үміткер әңгімелесуге келмеді.
Кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау мақсатында әңгімелесу 2023 жылғы 16 наурызда сағат 1700-де өткізілді.
Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу барысы бейнежазбаға жазылды.
- Экономика және қаржы басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік),
санаты C-4, лауазымына Аскар Тусаубаевич Маутановтың кандидатурасы ұсынылады.