2023 жылғы 9 ақпанда жарияланған
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қортынды отырысының № 2 хаттамасы
Астана қаласы 2023 жылғы 24 ақпан
Күн тәртібінде
Конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Комитет Заң басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты C-4, негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалысы уақытына бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға және Экономика және қаржы басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты C-4, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялады.
Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарының бірыңғай порталында 2023 жылғы 9 ақпанда жарияланды.
Конкурсқа қатысуға үміткерлерден құжаттар 2023 жылғы 10-20 ақпан аралығында қабылданды.
Жарияланған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 8 өтініш түсті.
1 кандидаттың жұмыс өтілі белгіленген талаптарға сәйкес емес, 1 кандидат құжаттарды толық көлемде ұсынған жоқ.
Әңімелесуге 6 үміткер жіберілді, оның 2-уі ұсынылған лауазымдардан бас тартты.
Кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау мақсатында әңгімелесу 2023 жылғы 24 ақпанда сағат 0930-де өткізілді.
Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу барысы бейнежазбаға жазылды.
1) Заң басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты C-4 (негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалысы уақытына) лауазымына Айгерим Нурлановна Исабекованың кандидатурасы ұсынылады.
2) Комисссияның оң шешімін алған үміткерлердің жоқтығына байланысты, Экономика және қаржы басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты C-4, бос лауазымына орналасуға қайтадан конкурстық үдерістер жүргізілсін.