КОМИТЕТ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Министр Р. Дәленов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
2019 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекiтілген
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң
Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің негізгі
мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының саны мен сапасының сақталуын бақылау;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік материалдық резерв туралы
Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.
14.Функциялары:
1) Комитет құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Комитет құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
3) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;
4) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
6) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;
8) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемі бойынша ұсыныстар әзірлеу және оны
Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
9) сауда қызметінің субъектілерімен шарттар жасасу жолымен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;
10) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқаруды жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгімен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлеу;
12) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жүргізудің тиісті қағидаларын әзірлеу және оны
Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
13) жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын әзірлеу;
14) гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу;
15) жаңарту тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдау;
16) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастыру;
17) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, орнын ауыстыру, жаңарту және мақсатты пайдаланылуы кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
18) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыруды қамтамасыз ету;
19) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, есепке алуды және сапасы мен санының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
20) қарызға беру тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы алушымен шарт (келісімшарт) жасасу;
21) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргізілетін операцияларға қатысушылармен жасалған шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндiріп алуды жүзеге асыру;
22) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы түгендеу жүргізуге тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын тарту;
23) сақтау пункттерінде сақталатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуына түгендеу жүргізу;
24) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселесін шешу үшін тексеріс (ревизия) материалдарын құқық қорғау органдарына жіберу;
25) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алу;
26) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізу;
27) мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резерв саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпейді;
6) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
7) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтiк-кеңесшi органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
8) өз құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпарат пен материалдар сұратады және алады;
9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер әзірлейді;
10) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және
Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;
11) Комитеттің балансында тұрған мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
1) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;
2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
3) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттің өкілі болады;
4) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік және лауазымды адамдардың құзыретіне жататын жұмыскерлерді қоспағанда, Комитет жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар құзыретіне жататын жұмыскерлерді қоспағанда, Комитет жұмыскерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
6) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар құзыретіне жататын жұмыскерлерді қоспағанда, Комитет жұмыскерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
7) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Комитет мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Комитет қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
___________________