2022 жылғы 9 желтоқсанда жарияланған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қортынды отырысының № 8 хаттамасы

2022 жылғы 9 желтоқсанда жарияланған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қортынды отырысының № 8  хаттамасы

 

Астана қаласы                                                                           2022 жылғы 28 желтоқсан

 

 

Күн тәртібінде

 

  1. Кандидаттардың ұсынған құжаттарының, өткізілген әңгімелесу нәтижесі негізінде бағалау мен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тікелей орналастыру үшін кандидаттарды іріктеу.

Конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Комитет Заң басқармасының бас сарапшысы  (1 бірлік), санаты C-4, негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалысы уақытына бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға және Экономика және қаржы басқармасының бас сарапшысы  (1 бірлік), санаты C-4, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялады.

Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарының бірыңғай порталында 2022 жылғы 9 желтоқсанда жарияланды.

Конкурсқа қатысуға үміткерлерден құжаттар 2022 жылғы 12-21 желтоқсан аралығында қабылданды.

Жарияланған бос  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 4 өтініш түсті,
1 кандидаттың жұмыс өтілі белгіленген талаптарға сәйкес емес.

Әңімелесуге 3 үміткер жіберілді.

Кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау мақсатында  әңгімелесу 2022 жылғы 28 желтоқсанда сағат 1700-де өткізілді.

Көрсетілген 3 кандидаттың 1-уі әңгімелесуге келмеді.

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу барысы бейнежазбаға жазылды.

  1. Конкурстық комиссия мынадай шешім шығарды:

Комисссияның оң шешімін алған үміткерлердің жоқтығына байланысты,                     аталған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға қайтадан конкурстық үдерістер жүргізілсін.

Дата публикации
29 декабря 2022