Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттарды таңдау бойынша осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жөніндегі конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының
№ 35 ХАТТАМАСЫ
Нұр - Сұлтан қаласы 2020 жылғы 2 маусым
Қатысқандар: конкурс комиссиясының мүшелері және комиссия хатшысы.
|
Конкурстық комиссияның төрағасы: Иманбаев Нұрлан Мейрамұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары м.а.-Комитеттің Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының басшысы; |
|
|
Комиссия мүшелері:
|
Шиганов Тамерлан Тимурович – Комитеттің Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының басшысы;
Исақұл Алан Әбдісерікұлы – Комитеттің Заң басқармасының басшысы;
Жәпішев Ербол Қалиярұлы – Комитеттің Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының басшысы.
Мақаш Гүлжаухар Мұхамедәліқызы – Комитеттің Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы; |
|
Комиссия хатшысы:
|
Баекеева Айсәуле Толыбайқызы – Комитеттің Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің бас сарапшысы. |
Күн тәртібінде:
Мемлекеттік әкімшілік бос лауазымды орынға тікелей орналастыруға кандидатты іріктеу.
Комитеттің Жұмылдыру бөлімшесінің бас сарапшысы С-4 бос лауазымды орынға құжаттар тапсырылған жоқ.
Конкурс комиссиясы шешті:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Жұмылдыру бөлімшесінің бас сарапшысы С-4 бос лауазымына құжат тапсырушылардың болмауына байланысты барлық мемлекететтік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында конкурс жариялансын.