"Резерв" РМК-дағы бос орын

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - жоғары заңгерлік немесе техникалық, экономикалық немесе гуманитарлық;

экономика саласындағы кәсіпорынның тиісті профиліндегі басшы лауазымдардағы мамандық бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы және арнайы бөлімдер), «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік құпия туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,   сондай-ақ кәсіпорын қызметі саласында қатынастарды реттейтін мемлекеттік материалдық резерв туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

қызметтегі міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білімдер. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:

1) конкурсқа қатысуға өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін түрде жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтан алынған үзінді көшірме;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.            Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби дайындығы туралы қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сонымен қатар алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсыныстары және т.б.) ұсына алады.            Конкурсқа қатысу үшін құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.          

Конкурс 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Янушкевич көшесі, 2-үй мекенжайы бойынша өтеді, анықтама телефоны: 8 (7172) 27-44-59.

"Резерв" РМК-дағы бос орын
Дата публикации
28 мая 2020